Домой Жаңалықтар Мемлекет басшысы халыққа үндеу жолдады

Мемлекет басшысы халыққа үндеу жолдады

189
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты халыққа үндеу жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

ҚазАқпарат  Елбасы үндеуінің толық мәтінін таратады.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды.

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді.

Бұл Кеңес — Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган.

Еліміздің оған сайлануы — Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз.

Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Оны баршаңыз білесіздер.

Семей ядролық полигонын жабу  және қуаты жөнінен төртінші  зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл жер шары біледі және қолдайды.

Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге де байланысты.