Домой Жаңалықтар Нью-Йоркті таң қалдырған қостанайлықтар

Нью-Йоркті таң қалдырған қостанайлықтар

136
0

Қостанайлық жігіттер мұрындық болған «The Clox» рок-группасы аға-көкесіз, таныс-тамырсыз-ақ өздерінің таланттарының арқасында мұхит асып, Американың Нью-Йорк қаласына танымал болып үлгерді.

2012 жылы жергілікті The Deli журналы айтулы топты он үздік музыкалық ұжымдардың қатарына қосқан.
«The Clox» тобының құрамында Қостанай қаласының өнерпаздары Денис Орынбеков пен Руслан Баймурзин және одессалық Игорь Резник өнер көрсетеді. Денис ән айтып, гитарада ойнаса, Руслан — барабаншы, Игорь — бас-гитарашы. Әні мен сөзін жігіттер бірігіп жазады. Ағылшын тілінде. Әлемнің астанасы аталып жүрген Нью-Йорк қаласына Денис пен Руслан 2007 жылы келген. Сол жерде Игорьді кездестіреді. Араға екі жыл салып жігіттер топ құрады. Бір жылдан соң алғашқы ән жинақтарын шығарған.

Бүгіндері «Ready to starve», «Jules verne ep» және «Lullaby» атты альбомдарын жарыққа шығарып үлгерді. Жақында ғана туған қаласы Қостанайға келген Руслан Баймурзин: «Орыс тілді аудиторияны жаулап алу үшін — Мәскеуге бару керек. Ал, бүкіл әлемді өзіңе қаратқың келсе, Нью-Йоркке аттан» дейді. Армандарына қол жеткізген жігіттер бұнымен тоқтамауға бел буған. Әлі де өнерлерін паш етіп, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатарына қосылғысы келеді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.