Домой Жаңалықтар Қостанай қаласының бұрыңғы әкімінің үйқамақ мерзімі ұзарды

Қостанай қаласының бұрыңғы әкімінің үйқамақ мерзімі ұзарды

101
0

Қостанай қаласының №2 соты экс-әкімнің үйқамақ үкімін желтоқсан айына дейін созды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, соттың фонографиялық сараптамаларының дайын болмауына байланысты уақыт шегеріліп отыр. Сондай-ақ, күдікті Ахметжановтың тергеуге біраз уақыт қажет ететін басқа да ұқсас қылмыстары табылған.

Күдіктінің үйқамақ мерзімі аяқталды, алайда, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан, Ахметжановтың мәселесінің шешімін желтоқсан айының сегізіне қалдырды,-деп хабарлайды баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қостанай таңы».