Домой Жаңалықтар Қостанай ауданында өндірісте үш адам опат болды

Қостанай ауданында өндірісте үш адам опат болды

148
0

Қостанай ауданында қайғылы жағдай орын алып, өндірісте үш адам опат болды. Төтенше жағдай жеке кәсіпкерліктің аумағында орын алып, 5 адам кәріз құдығын тазарту жұмыстарын жүргізген.

Жұмысшылардың бірі газ таралған құдыққа түскен. Ер адам есінен танып қалғандықтан екінші жұмысшы оған көмектесуге тырысқанымен екеуі де ажал құшты. Бес адамның тек екеуін құтқарудың орайы келді.

Ресми емес мәлімет бойынша олар газға тұншығып қалған. Қазіргі таңда өндірістегі қайғылы жағдайды тергеу үшін арнаулы комиссия құрылды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Максим Моргуновтың сөзінше алдын-ала мәлімет бойынша бес жұмысшының төртеуі жұмысқа ресми түрде алынбаған, яғни еңбек келісім-шарттары болмаған. Газға қарсы жеке қорғаныш құралдарын қолданбаған.