Домой Жаңалықтар Қостанай әділет басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін мойындады

Қостанай әділет басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін мойындады

184
0

Жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталған әділет басқармасының бұрынғы басшысы Ержан Махмұтов сот процесінде өз кінәсін мойындады.

Бұрын хабарланғандай, бұрынғы шенеуніктерге (әділет басқармасының бұрынғы басшысы Ержан Махмұтов пен оның орынбасары Азамат Қожамұратов) өз қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Сотта екі оқиға қаралуда — «Қазақтелеком» АҚ жергілікті филиалын айыппұл төлеуден жалтарту және кепілді заңсыз тіркеу. Әділет басқармасының бұрынғы басшысы оның бірде-бірін мойындамады. Оның үстіне, екінші айыпкер мен куәгерлер берген түсініктеме оны әшкере етті.  Бірінші «қызметі» үшін басқарма басшылары 400 мың теңге, екінші «қызметі» үшін 200 мың теңге алған.

Қожамұратов өз айыбын мойындап қана қоймай, жасаған ісіне өкініш білдірген. Бірақ Махмұтов соңына дейін өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Айтылған оқиғалардың ешқайсысын білмейтінін, қол астындағы қызметкерлерге сенім білдіргенін айтқан. Ал бүгінгі сот процесінде бәрін есіне түсіргенін айтып, өз айыбын мойындады.

Мемлекеттік айыптаушы айыпкерлерді барынша ең қатал жаза беруді сұрады. Прокурордың ойынша, Махмұтов өзіне берілер жазаны жеңілдету үшін өз түсініктемесін өзгертті, алайда өз ісіне өкініп тұрған жоқ.

Мемлекеттік айыптаушы Махмұтовтың мүлкін тәркілеп, жалпы режимде 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қожамұратовқа 3 мың АЕК көлемінде айыппұл және мүлкін тәркілеуді лайық көрді.

Бұрынғы шенеуніктерге үкім ертең  шығарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.