Домой Жаңалықтар Қостанай өңірінде алимент қарызы азайды

Қостанай өңірінде алимент қарызы азайды

171
0

Бүгінде облыстық сот орындаушыларының қарауында 40 мыңнан астам өндіріс құжаттары жатыр. Оның 17 мыңы алимент өндіріп алу істері. Сот орындаушылар аяқталған істердің көрсеткіші төмен екенін айтады. 17 мың істің тек 1400-і аяқталған.

Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржігіт Панбаевтың айтуынша бүгінде Қостанай облысында 230 борышкер бар. Қарыз сомасы 70 млн теңгені құрайды. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сот орындаушылар алимент бойынша істерді қабылдамайтынын айтып кеткен жөн. Олар тек қалған істермен жұмыс істейді. Жаңа құжаттармен енді жеке сот орындаушылар айналысады. Қостанай өңірінде олардың саны 54.

Алимент өндіріп алу үшін борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартады. Елден тысқары шығуға шектеу қояды. Мұның нәтижесі бар. Егер жыл басында Қостанай облысында алимент қарызы 130 млн теңгеден асса, ал 6 айдың қорытындысы бойынша бұл сома екі есеге азайған.