Домой Жаңалықтар Қостанай өңірінде кітапхана саны қысқаруда

Қостанай өңірінде кітапхана саны қысқаруда

142
0

Бүгінде Қостанай облысында 387 кітапхана бар. Екі жыл бұрын олардың саны-410 болған. Облыстық мәдениет басқармасындағылар атап кеткендей кітапханалар саны біртіндеп азайып жатыр. Бірақ оған белгілі себептер бар. Мәселен биылдың өзінде онтайландырудың нәтижесінде кітапхана саны 22-ге азайды.

Облыстық мәдениет басқармасының бөлім жетекшісі Ирина Шевконың айтуынша қазіргі таңда адамдар ауылдардан үдере көшіп жатыр. Білім бөлімдері жағдайды зерттеп, онтайландыруға көшті.

Маман атап кеткендей нормативтерге сәйкес кітапхананың болуы ауылда тұратын адамдардың санына тікелей байланысты. Елді-мекенде 1000 адамнан кем болмауы тиіс. Дегенмен ауылда кітапхананың болуына тұрғындар бар күштерін салады екен. Себебі ол да мектеп тәрізді білім, ағарту ошағы.