Домой Жаңалықтар Қостанай өңірінде өз-өзіне қол салу жиіледі

Қостанай өңірінде өз-өзіне қол салу жиіледі

111
0

Қазақстан бойынша  суицидке барған жасөспірімдер саны жөнінен Қостанай облысы екінші орында тұр.

Жыл басынан бері өңірде 60 жеткіншек өз-өзіне қол жұмсаған.
Қаралы тізімнің көшін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр: 104 жасөспірім өмірлеріне балта шапқан. Ал, Қостанай облысындағы көрсеткіш қайта жылдағыдан азайғаны. Өткен жылы 397 қайғылы оқиға тіркелсе, 2013 жылы бұдан 10%-ға жоғары болған.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов атап өткендей, мұндай жағдай қалалық жерлерде жиі болады екен.
Суицидке 18-24 жас арасындағы азаматтар барады. Бұл білім іздеп, тіршілік қамын ойлап жүрген жастар. Негізгі себептері — жақын туысқандарымен жараспау. Нақтылай түскенде, ажырасу  — 23,7%, тұрмыстық жағдайдың нашарлығы  — 12,8%, жалғыздық пен қоғамнан сырт айналу  — 7,8%, материалдық жоқшылық пен қарыздар  — 5%. Суицидтің басым көпшілігі осы төрт жағдайлар төңірегінде тіркелетінін алға тартады мамандар. Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.