Домой Жаңалықтар Қостанай әкімі Базыл Жақыпов ардагерлерді Жаңа Жылмен құттықтады

Қостанай әкімі Базыл Жақыпов ардагерлерді Жаңа Жылмен құттықтады

234
0

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов жаңа жыл мерекесінің қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, Елбасының атынан сыйлықтар тарту етті.

Қала басшысы ең әуелі соғыс ардагері Михаил Подоляковтың үйіне барды. Биыл 90 жасқа толып отырған ардагер өз өмірін, соғыстағы ауыр күндер туралы сыр шертті. 15 жыл бойы соғыс ардагері қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.Мерейтой иесі биыл өз еркімен қызметінен кетіп, бос уақытын өзіне арнауға бел буды. Базыл Жақыпов Михаил Подоляковқа елбасы атынан сыйлықтар салынған үлкен себетті тарту етті.

Қала әкімі соғыс ардагері  Қасымхан Алдабергеновтың да үйіне ат басын бұрып, ақсақалдың ақ дастарханынан дәм татты. Бүгінде Қостанай қаласында 108 соғыс ардагері өмір кешіп жатыр. Олардың барлығы 31 желтоқсанға дейін мемлекет басшысының атынан азық-түлік себеттерін алады.