Домой Жаңалықтар Қостанай криминогендік жағдай бойынша елімізде алдыңғы орында тұр

Қостанай криминогендік жағдай бойынша елімізде алдыңғы орында тұр

153
0

Өткен жылдың және 2016 жылдың алғашқы айларының қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі жөнінен Қостанай облысы Астана мен Алматыға ғана жол береді. Басқа өңірлер бойынша біз криминогендік жағдайдан алда келеміз. Сондықтан аппарат жиналысында ІІД басшысы жағдайды жақсартуға септігін тигізетін бірнеше ұсынысты жеткізді.

Бекет Аймағамбетов атап кеткендей, біріншіден өңірде патрульдық нарядтың жеткіліксіздігі. Қостанайда тек 30 пайыз қамтылған. Екіншіден облыста айықтырғыштар жетіспейді. Бүгінде тек Қостанай мен Рудныйда ғана бар. Әрқайсысы 20 адамға арналған. Сондай-ақ өңірде тағы бір өткір проблема- автокөліктерді айдап әкету.Осындай қылмыстардың басым бөлігі ашылмай қалады. Бұл ретте ІІД бастығы жағдайдан шығудың жолы ретінде арнаулы жабдықты сатып алуды ұсынды. Мұндай жабдықты сатып алу бюджетке 300-350 млн теңгеге шығады.

Дегенмен облыс әкімі оны бірден сатып алуға қаражат тапшы екенін жеткізді. Сондықтан алдымен 2-3 жабдықты ғана сатып алуға тура келетін шығар. Жиналыста сондай-ақ бейнебақылау камерасын орнату жағдайы да талқыланды. Полицейлер камералар жеткіліксіз екенін айтады. Бірақ облыс әкімі қазір мұндай шығынды бюджет көтере алмайтынын жеткізді. Сондықтан өз үйлері мен пәтерлерінің қаупісіздігін ең алдымен иелері қамтамасыз етуі тиіс.