Домой Жаңалықтар Қостанай облыстық филармониясының директоры тілшілермен кездесті

Қостанай облыстық филармониясының директоры тілшілермен кездесті

134
0

Жоспар бойынша, биыл 270 концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылуы керек. Осы арқылы жобамен 26 млн. теңге табыс кіргізу көзделген.

Әзірге, осы уақытқа дейін сатылған билеттер 16 млн. теңгедей жиып беріпті. Алайда жыл аяғына дейін өнерсүйер жұртшылықтың жүрегіне жол тартатын мәдени шаралардың тізімі әлі де көп. Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының директоры Александр Евсюков өңірлік БАҚ өкілдерімен кездесуін осындай мәліметтермен бастады.

Таяу арада афишасы ілінбек ең ауқымды концерттік бағдарламалардың иелері Қазақстанның еңбек сіңірген өнерпаздары болмақ. Мұның сыртында, алда тосып тұрған айтулы мерекелерге де тыңғылықты әзірліктер жүріп жатыр. Тағы да, 20-22 қараша аралығында дәстүрлі бардтық әндер фестивалі жалғасын табады. Бір сөзбен, филармония ұжымы әдеткі белсенділікпен жұмыс істеуде.

Бұл жылы да Қостанайдың мәдени қоржыны олжасыз қалған жоқ. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық этникалық-мәдени байқаудан М.Қадіров бас жүлде әкелді. Осы мазмұндас Башқұртстанда өткен байқаудан А.Мұқатов лауреат атанып қайтты.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.