Домой Жаңалықтар Қостанай облыстық ІІД WhatsApp желісі жұмысын тоқтатты

Қостанай облыстық ІІД WhatsApp желісі жұмысын тоқтатты

154
0

Қостанай облыстық ІІД WhatsApp мессенджерінің көмегімен құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы енді хабарлауға болмайды. Бұл жөнінде ІІД мәлімдеді. Өткен жұмадан бастап департаменттің аккаунты өз жұмысын тоқтатты. Олар енді хабарламалар мен фотосуреттерді қабылдамайды.

ІІД баспасөз қызметінде бұл мемлекеттік органдардың ғимаратында смартфондарды қолдануға тиым салуға қатысты екенін жеткізді. Айта кетсек аталған WhatsApp Қостанай облысының тұрғындары арасында кең сұранысқа ие болды. Олар он-лайн режимінде құқық бұзушылықтар мен суреттерді жіберіп отырды.

Енді хабарламаларды танымал әлеуметтік желілерде қалдыруға болады.ІІД барлық аккаунттары пайдаланушылар үшін ашық.