Домой Жаңалықтар Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

103
0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 18 желтоқсанындағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының төрағасы болып Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы тағайындалды.

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған.

1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген.
Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді.

2001-2003 ж.ж. — Павлодар облыстық сотының бас маманы;
2003-2007 ж.ж. — Павлодар қалалық сотының судьясы;
2007-2008 ж.ж. — Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
2008-2012 ж.ж. — Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;
2012 -2014 ж.ж. — Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы;
2014 жылдың 17 маусымынан 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін — Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің осы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып бұған дейін облыстық соттың кассациялық сот алқасында судья болған Владимир Долгих тағайындалды.Бұл туралы облыстық сот хабарлайды.