Домой Жаңалықтар Қостанай облысы мен Ақтөбе облысының аумағына Ресей зымыранының сынықтары құлайды

Қостанай облысы мен Ақтөбе облысының аумағына Ресей зымыранының сынықтары құлайды

178
0

Қазақстан Ресейге «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын  «Союз» типіндегі зымырандардың сынықтарын түсіруге жерлер ұсынады. Ресей жерге түскен зымыран сынықтарының санына қарамай жылына 460 мың доллар төлейтін болады.

Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау осындай соманы атады. Оның айтуынша зымыран сынықтары Ақтөбе мен Қостанай облыстарының аумағына құлайды. Біздің өңірде бұл Жангелдин ауданындағы 41 мың гектар жер. Түскен қаражат осы аудандардың әлеуметтік мұқтаждықтарына жұмсалады.

Альберт Рау қазір Парламентте Ресей тарапынан келісімді ратификациялау және ел аумағында жерді пайдалануға ұсыну бойынша жұмыстар жүріп жатқанын алға тартты. Алғашқы сынықтар бір жылдан кейін түседі деп күтілуде.