Домой Жаңалықтар Қостанай облысында 500-ге жуық асыл тұқымды мал бруцеллезге шалдыққан

Қостанай облысында 500-ге жуық асыл тұқымды мал бруцеллезге шалдыққан

98
0

Қостанай облысының тағы бір шаруашылығы бруцеллез ошағына айналды. Жітіқара ауданындағы Приречный серіктестігінің 500-ге жуық асыл тұқымды мал басынан осы індет таяқшалары табылған.

Қазір республикалық жұқпалы аурулары қарсы арнайы жасақ барлық малды қайта тексерістен өткізуде. «Приречный-Агро» серіктестігі директорының орынбасары Нұрдәулет Сұлтанғалиев мал басын асылдандыру бағытындағы ұзақ жылдарғы есіл еңбектің еш болғанына қапалы. Биыл шаруашылық иелігіндегі 2 мың бас ірі қараның бес жүзге жуығы бруцеллез болып шықты.

Шаруашылық директорының орынбасары Нұрдәулет Сұлтанғалиевтің айтуынша шығынға шығып отыр. Асыл тұқымды бұқалар салмағын бір мың тенгеден сатады. Ал қазір 200 тенгеден беріп жатыр. Ерекше күтімдегі малға бұл кеселдің қайдан тап болғандығын ешкім дәл басып айта алмайды. Ветеринарлардың болжамы малдың бақылаусыз жүруінен дейді. Ал шаруашылық мамандары оны жоққа шығарып отыр.Бұл туралы baq.kz хабарлайды.