Домой Жаңалықтар Қостанай облысында «Қаңғыбас» шұғыл алдын-алу шарасы қорытындыланды

Қостанай облысында «Қаңғыбас» шұғыл алдын-алу шарасы қорытындыланды

115
0

Облыстық ІІД « Қаңғыбас» шұғыл алдын-алу шарасының екінші кезеңінің қорытындысын шығарды.

Полицейлердің мәліметінше 2 күнде әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі кодекстің «Қоғамдық орындарда тиісу», 449-шы бабы бойынша 47 қылмыс анықталған. ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысынының орынбасары Андрей Григоревскийдің сөзінше тиісу деген ұғымға кәсіпкер емес тұлғаның затты сату, сатып алу, айырбастау мақсатымен және балгерлік, қайыр сұрау сиаптындағы  әңгімеге тартуы жатады.

Анықталған 47 деректің басым бөлігі қайыр сұрау және адамға діттеген жеріне апарып тастау қызметін ұсыну. Аталған әрекет үшін 9 910 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер құқық бұзушылық қайталанса айыппұл екі есеге көбейеді. Барлық заң бұзушыларға жалпы сомасы 500 мың теңгеге айыппұл салынды.