Домой Жаңалықтар Қостанай облысында аудан әкімдері ауысты

Қостанай облысында аудан әкімдері ауысты

227
0

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 4 тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты депутаттарымен келісім бойынша Қостанай ауданы әкімінің лауазымына Ахметов Қайрат Жұмашұлы тағайындалды.

Архимед Мұхамбетов аудан активімен  кездесуде аудан әкіміне бірқатар нақты міндеттер қойды. Ахметов Қайрат Жұмашұлы 1965 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы  Целиноград ауыл шаруашылығы  институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы  «Каменурал» кеңшарында бөлімше агрономы болып бастады.
2010 жылдың қазанынан 2016 жылдың маусымына дейін – Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі.

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 4 тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты депутаттарымен келісім бойынша Федоров ауданы әкімінің лауазымына Исабаев Тәуба Қайыржанұлы тағайындалды.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.