Домой Жаңалықтар Қостанай облысында күзетшілерге сұраныс артты

Қостанай облысында күзетшілерге сұраныс артты

83
0

Қостанай облысында күзет қызметіне сұраныс өсті. Бұл туралы брифингте Қостанай облысы ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің инспекторы Болат Уақбаев мәлім етті. Оның айтуынша, өңірде 5200-ден аса нысанға қызмет көрсететін осындай 165 фирма жұмыс істейді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Егер осыдан үш жыл бұрын облыста жекеменшік күзет фирмаларының саны 129 болса, бүгінде мұндай фирмалардың қызметіне сұраныс жыл сайын артып келеді. Күзетілетін нысандар саны 64%-ға өсті», — деп келтіреді Болат Уақбаевтың сөзін Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары ұрлық-қарлықтың негізінен күзетілмейтін нысандарда орын алатынын атап өтуде.