Домой Жаңалықтар Қостанай облысында орманды даланың мыңдаған гектары өртенді

Қостанай облысында орманды даланың мыңдаған гектары өртенді

146
0

Қостанай облысы Қарабалық ауданында өрт салдарынан орманды даланың мыңдаған гектары отқа оранды.

Тілсіз жау РФ Челябі облысы Варнен ауданы жағынан келді. Өрт қаупі туралы ресейлік төтенше жағдайлар қызметкерлері қазақстандық әріптестерін ескерткен. Қызыл жалынның тарауына құрғақ ыстық ауа райы мен қатты желдің соғуы себеп болды. Өртті сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері мен жергілікті ауыл шаруашылық құрылымдарының күші тартылды.

От шамамен түнгі сағат бірде ауыздықталды. Ал кеше сағат 7:30 өрт сөндірілді.Қазір келтірілген залал бағаланып жатыр. Михайловский қорықшасының аумағына зақым келгені белгілі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.