Домой Жаңалықтар Қостанай облысындағы мешіт үздік деп танылды

Қостанай облысындағы мешіт үздік деп танылды

263
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі әрбір мешітке, мешіт жұмысына, ондағы қызметкерлерге ерекше көңіл бөліп отырғандығы мәлім. Осыған орай ҚМДБ биылғы жылы «Көрікті мешіт 2016» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, сән-салтанатымен қоса, ауласының таза, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.

Аталған бәйге 2 деңгейде өтті. І. Қала, аудан мешіттері деңгейінде; ІІ. Ауыл мешіттері деңгейінде. I деңгей бойынша үздік үштіктің қатарына Қостанай облысы, Қарабалық кентіндегі Ғашура ана мешіті ілікті.