Домой Жаңалықтар Қостанай облысындағы Әуликөл ауданының әкімі тағайындалды

Қостанай облысындағы Әуликөл ауданының әкімі тағайындалды

177
0

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Әулиекөл ауданының әкімі қызметіне Жансұлтан Қоңыртайұлы Тәукенов тағайындалды. Тағайындау аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен жүргізілді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа әкімді жергілікті активпен кездесу кезінде таныстыра отырып, Ж.Тәукеновтің іскерлік қасиеттерін атап көрсетті, сондай-ақ оған инвестициялар іздестіру, индустрияландыру қарқынын өрістету, ауыл шаруашылығы бағыты мен ТКШ саласындағы жұмысты жандандыру жөнінде міндет жүктеді.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Тәукенов 1975 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметін 1994 жылы тамызда салық инспекторы болып бастады, Амангелді аудандық салық комитетін басқарды. Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары және әкімі болып жұмыс жасады-деп хабарлайды ҚазАқпарат.