Домой Жаңалықтар Қостанай облысында жеңіл көлік екі ер адамды қағып кетті

Қостанай облысында жеңіл көлік екі ер адамды қағып кетті

147
0

Екатеринбор — Алматы тас жолында  SsangYong маркалы көлік жүргізушісі бұзылған көлікті итеріп келе жатқан екі қостанайлықты қағып кетті.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, апат 3 шілдеде Екатеринбор — Алматы тас жолының 518 шақырымында орын алды. SsangYong New Actyon көлігін басқарған Қостанай ауданы  Заречный кентінің тұрғыны Volksvagen Jetta көлігінің екі жолаушысын қағып кетті. Олар істен шыққан көлікті итеріп бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ұзынкөл ауданы Новопокровка кентінің 43 жастағы тұрғыны және Федоровский ауданы Костряковка кентінің 40 жастағы тұрғыны түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр-деп хабарлайды ҚазАқпарат.