Домой Жаңалықтар Қостанай облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты — 6 адам қаза тауып,...

Қостанай облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты — 6 адам қаза тауып, 25 адам жараланды

127
0

Қостанай облысында «Қайрақ» кедендік бекеті маңында ірі жол-көлік апаты орын алды, 25 адам жараланып, 6 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар.

«ҚазАқпарат» тілшісіне құқық қорғау органының хабарлауынша, жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. Автобус Қостанайдан Ресейге бара жатқан.

Бұл — соңғы жылдары Қостанай облысы аумағында болған ең ірі жол апаты. Оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов, полиция қызметі жетекшілері және басқа да күш-құрылымдар органдары басшылары  жүр. Зардап шеккендерге көмек көрсетілуде.