Домой Жаңалықтар Қостанай облысының ірі көкөніс қоймасында жаңа жұмыс орындары ашылды

Қостанай облысының ірі көкөніс қоймасында жаңа жұмыс орындары ашылды

115
0

пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға және «Даму» қорының жартылай кепілдемесіне ие болды. Көкөніс қоймасына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 

Шаруашылығын кеңейтіп, көкөніс көлемін өсіру мақсатында кәсіпорын «Сбербанк» АҚ еншілес банкі қызметіне жүгінген.

«Несие компанияға 50 млн теңге көлемінде айналым қаражаты үшін керек. Кәсіпкер алған жылына 14 %-дық несиенің 7%-ын мемлекет қаржыландырып, қалған 7%-ын өзі төлейді. «Даму» қорының кепілдемесі – 12 млн теңге», — деп хабарлады «Даму» қорының компетенциясын қолдау менеджері Әсел Қазақова.

«Садовод» ШҚ 27 жыл бойы Қостанай облысында өз жұмысын жасап келеді. Және көкөніс өсіру саласында көш басында жүрген кәсіпорындарының бірі болып есептеледі.

Артта қалған уақытпен қоса компания барша инфрақұрылым жетістіктеріне жеткен. Қазіргі таңда «Садовод» ШҚ 1089 га жер көлемінде жұмыс жасайды. Тұқымдарды жергілікті және шетел компанияларынан да сатып алады. «Даму» қорының несиесі арқылы кәсіпорын жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу жұмысына да кірісіп кетті. Сапалы тұқымдармен жұмыс жасау – компанияның беделін одан сайын күшейтіп, мол табыстарға әкелері анық. Қазіргі таңда «Садовод» ШҚ-да 118 тұрақты қызметкерлер мен маусымдық жұмыскерлер еңбек етеді.