Домой Жаңалықтар Қостанай облысының кәсіпкерлеріне POS-терминалдар орнату туралы ескертті

Қостанай облысының кәсіпкерлеріне POS-терминалдар орнату туралы ескертті

115
0

Еліміздің тұрғындары көбіне супермаркеттерде ғана емес дәмханаларда жанармай құю бекеттерінде, сұлулық салондарында қолма-қолсыз есеп айрысуды қалайды. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитеті қаулы қабылдады.

Құжатқа сайкес Алматы мен Астана қалаларының және облыстық маңыздағы қалалар пос-терминалдарды орнатуы керек. Бұл талапқа 14 түрлі сала кіреді. Заң номаларына сайкес Қостанайда осындай 8000-нан астам қондырғы орнатылуы тиіс. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойнша бүгінде мың жарымнан астамы қойылған. Кәсіпкерлер клиенттер есептесу кезінде картаны сирек қолданатынын алға тартып пос-терманиалдары орнатудан бас тартады.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшысының айтуынша терминалдарды орнату көрсеткішінің төмендігінің себебі құралдың қымбаттығы, сатылымда мобильді терминалдардың болмауы, транзакция өткізу үшін  екінші деңгейлі банктердің алатын комиссия ақысының жоғары болуы. Бүгінде түйткілді сұрақтар бақылауда және кәсіпкерлер ұлттық палатасына жіберілді. Заң бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кәсіпкерлерге алғаш ескерту жасап, екінш рет қайталанса 85 мыңнан 170 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.