Домой Жаңалықтар Қостанай облысының әкімі мешітке көлік сыйлады

Қостанай облысының әкімі мешітке көлік сыйлады

116
0

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары барысында Денисов ауданындағы «Жұма» мешітіне арнайы соқты. Жиылған жамағатпен кездесіп,  мешіт ұжымына Lada Granta көлігін сыйға тартты. 

Аталған мешіттің қазіргі ғимараты 1992 жылы мұражай болған. Ал 1995 жылы мешіт болып ашылып, жамағаттың игілігіне берілді. Сол уақыттан бері бұл жер мұсылман қауымның бас қосатын қасиетті орнына айналды.  Мешіт ғимаратына биыл күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Нысанның жертөлесі жаңартылды. Еденге линолеум төселіп, жаңадан газ плиталары мен ыдыс-аяқ сатып алынды. Ғибадатханаға пластикалық терезе орнатылып, жаңадан аспашамдар ілінді.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.