Домой Жаңалықтар Қостанай облысының мемлекеттік органдарын жаппай тексеріс күтуде

Қостанай облысының мемлекеттік органдарын жаппай тексеріс күтуде

178
0

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік құрылымдардың іс қағаздарын мемлекеттік тілге аудару тапсырмасының қалай орындалып жатқанын қадағалайды. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша қазақ тіліндегі құжаттардың үлесі 90 пайыздан кем болмауы тиіс. Қостанай өңірі 93 пайызға жетті.

Дегенмен облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары облыстың, қалалардың және аудандардың әкімдігі аппаратының, аймақтық басқармалардың құжаттар айналымы есебінен осындай көрсеткішке жетудің орайы келгенін айтады. Ауылдық жерлерде іс қағаздарын  мемлекеттік тілге аударуда әзірге қиындықтар бар.

Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жанболат Үмбетовтің айтуынша екі жыл бойы мемлекеттік органдарды тіл заңын сақтауға тексерістер тоқтатылған. Бүгінгі күні мәдениет және спорт министрлігі құқықтық актілерді әзірлеп, бекітті. Облыс әкімдігі биылғы жылдың екінші жартысында заңның сақталуын тексеруге жоспар бекіткен.