Домой Жаңалықтар Қостанай облысының құрметті азаматтарының саны көбейді

Қостанай облысының құрметті азаматтарының саны көбейді

106
0

Қостанай облысының құрметті азаматтарының тізімі үш есімге толықты. Олар Михаил Подоляков, Ысқақ Есіргепов және Рамазан Сәрпеков. Михаил Подоляков өңірге танымал тұлға.

Ол соғыста танкист болған. Курск шайқасы мен Корсун-Шевченко операцияларына қатысқан. Солтүстік-батыс, Воронеж, Орталық, 2-ші Украин майдандарында соғысқан. 1948 жылы әскерден оралып, Қостанай облыстық статистика басқармасына жұмысқа тұрды.

2000 жылдан бері қалалық ардагерлер ұйымын басқарды. Бірнеше әскери және еңбек наградалары бар. Ұсынылған кандидаттарға облыстық маслихаттың депутаттары бір ауыздан дауыс берді.