Домой Жаңалықтар Қостанай орталығындағы субұрқақ әзірге “демалыста”

Қостанай орталығындағы субұрқақ әзірге “демалыста”

158
0

Дәстүрлі “Тың-2016” жазғы спартикадасын өткізу биыл Қостанай қаласына бұйырды. Оған қоса алда шаһардың туған күні де келе жатыр. Осы қос мерекені атап өтуге дайындық шаралары қазір қаламызда қызу жүруде. Соның ішінде көшелер қалыпқа келтіріліп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да қатты қарқын алуда. 

Сити орталықтағы аптап ыстықтарда төңірегіне салқын сая орнатқан үлкен субұрқақ та жаңартылуда. Өйткені, ондағы судың сапасы көңіл көншітпейді. Кезінде субұрқақтың асты бетондармен жабылып, ал үсті сырмен әктелген көрінеді. Соның салдарынан бүгінде сыры кете бастаған субұрқақтың суы лайланып, таттанып кететін болған. Осыны ескерген қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер аталған субұрқақты қайтадан қалыпқа келтіруді қол алған.

-Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар субұрқақтың бетонмен жабылған қабатын алып тастап, оның орнына плиткалар төсейтін болады. Жаңа субұрқақ тамыз айының басында іске қосылады, — дейді Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы С.Жанділдин.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.