Домой Жаңалықтар Қостанай тұрғындары жылуға 200 млн теңге қарыз

Қостанай тұрғындары жылуға 200 млн теңге қарыз

82
0

Қостанай жылу компаниясының  мамандары жылу маусымы басталғалы борышкерлермен жұмысты күшейтті. Олар енді үйді-үйді аралап, қарыздарды жинауда.

Алайда борышкерлер коммуналдық қызметкерлерге есік ашқылары келмейді. Көпшілігі жылу есептегішіне орнатқан пломбаны жұлып алады екен. Күн сайын Қостанайда 10 топ мекен-жайларға шығады. Мамандар бір ауысымда 70 шақты пәтерді аралайтындарын айтады. Қарыз сомасы әртүрлі. Ең азы 15 мың теңге. Қостанайлықтар жалпы жылуға 200 млн теңгедей берешек.

Жылу кәсіпорнының инженері Венера Вершининаның сөзінше 500 мың 600 мың теңге қарызға батқан адамдар да бар. 5-6 сот шешімі шықты. Мамандар  пәтердегі ыстық суды ажыратып тастайды. Бірақ тұрғындар кері қосып алатын көрінеді.