Домой Жаңалықтар Қостанай жылуэнергетикалық компаниясына 1.7 млн. теңге айыппұл салынды

Қостанай жылуэнергетикалық компаниясына 1.7 млн. теңге айыппұл салынды

78
0

Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы ұсынылатын реттелетін қызметтердың жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпарат ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелесіткті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңға сәйкес  сәйкес табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

Бірақ «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК Қағидалардың  27 тармағының 1) тармақшасы бұза отырып көрсетілетін реттелетін қызметтердің жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпарат ұсынған жоқ.

Осыған орай, субъект Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен «ӘҚБТ» ҚРК 164-бабының 1-бөлігі бойынша 800 АЕК көлемінде 1 696 800 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салу мен  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде айыппұл өндіріліп алынды-деп хабарлайды ҚазАқпарат.