Домой Жаңалықтар Қостанайда Алғашқы республикалық кавказ мәдениетінің фестивалі өтті

Қостанайда Алғашқы республикалық кавказ мәдениетінің фестивалі өтті

67
0

Қостанай  Алғашқы республикалық кавказдық мәдениет фестивалінің орталығына айналды.

Көрермендер алдында Атырау, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облысының көптеген аудандарынан келген өнерлі ұжымдар ән айтып, би билеп, бай дәстүр жалғастығын көрсетті. Ресейлік Челябі қаласында келген кавказ диаспорасының өкілдері фестивальдың құрметті қонағы болды.

Әзербайжандық «Бірлік» этномәдени бірлестігі фестивальді Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу құрметіне ұйымдастырды.

«Біз Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан ұлттардың бейбіт тыныс-тіршілігін көрсеткіміз келді»,-дейді «Бірлік» бірлестігінің төрағасы Видади Юсубов.  «Біз, халық мұны сүйсіне тамашалайтын осындай шараларды көбірек ұйымдастырған дұрыс деп есептейміз». Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.