Домой Жаңалықтар Қостанайда қант бағасы тұрақтады

Қостанайда қант бағасы тұрақтады

201
0

Қостанайда қанттың бір келісін 240 теңгеден сатып алуға болады. Тұрақтандыру қорынан қант қаланың дүкендеріне түсе бастады. Алтынсарин көшесіндегі «Березка» дүкені, 7- ші шағын аудандағы «Березка» сауда үйінде және «Орбита» дүкенінде қантты 240 теңгеден сатуда.

Жақын күндерде тұрақтандыру қорынан қант Гвардейская көшесіндегі №1 дүкенде, Уральская көшесіндегі №2 дүкенде, Волынов көшесіндегі «Продукты» дүкенінде және Әл-Фараби даңғылындағы №7 дүкенде, «Ыстық-нан» дүкенінде, Орталық гастрономда,25-ші дүкенде «Подсолнух» супермаркетінде және Қостанайдың әлеуметтік дүкендерінде пайда болады.

Қостанай қалалық әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғизат Қаленовтың айтуынша аталған дүкендер қаланың түрлі аудандарында орналасқандықтан тұрғындарға қолайлы. Дүкендердің басшылары қантты сату көлемін шектеуді ұғарып, барлығына жеткізу үшін бір қолға бес келіден ғана береді.