Домой Жаңалықтар Қостанайда қант тапшы

Қостанайда қант тапшы

146
0

Жеміс-жидек маусымы қызуда. Ал тосап пен компот қайнатуға қажетті тәтті қымбаттап жатыр. Егер екі апта бұрын Қостанайдың дүкендерінде қанттың келісін 270-280 теңгеден сатса, бүгінде баға өскен. Дүкендерде бір келісі 340 теңгеге жетеді.

Тпіті қант тапшы. Көптеген қостанайлықтар тәттіні таппай сарылып жүр. Қант ірі супермаркеттерде де жоқ болып шықты. Монополияға қарсы департаментте атап кеткендей, қызметкерлер апта сайын әлеуметтік маңызды тауарларға, соның шінде қанттың бағасына талдау жасайды. Еліміз бойынша бұл өнімге бағаның қымбаттағаны байқалады. Бұған себеп-негізгі өндіруші болып табылатын «Орта азиялық қант корпорациясы» серіктестігінің бағаны өсіруіне байланысты. Ал өндірушінің өзі бағаның өсуін шикізаттың қымбаттауымен  түсіндіреді.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Азамат Әубәкіровтің айтуынша қант тапшылығының себебі өндіурушінің облысты толық көлемде қамти алмауы. Азамат Әубакіров атап кеткендей бүгінгі күні өндірушінің өткізу бағасы 255 теңгені құрайды. Қалғанын кәсіпкер қосып отыр.

Сондықтан департамент қызметкерлері жеткізушілер мен сатушылардың бағаны көтерудің қаншалықты негізді екенін тексеруде.