Домой Жаңалықтар Қостанайда қар құрсауынан 60 адам құтқарылды

Қостанайда қар құрсауынан 60 адам құтқарылды

112
0

Жеке адамдарға тиесілі 25 «КамАЗ» жүк көлігі 9 қаңтарда Қарағанды облысына көмір тасымалдауға жолға шығып оралмаған, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

«Соңғы рет жүргізушілердің туған-туыстары олармен Арқалық қаласынан маңында болған кезде хабарласқан. Кейін хабарласу мүмкін болмаған. Олар Төтенше жағдайлар департаментінің көмегіне 13 қаңтарда ғана жүгінді», делінген хабарламада.

Құтқарушылар тез арада іздеу-құтқару жұмыстарына кірісіп, Арқалық қаласына барар жолға қар тазарту техникасын жеткізді. Астана қаласынан Қарағанды облысының Жезғазған қаласына тікұшақ ұшып шықты. Іздеуге жұмыстарына жүргізушілердің бірі Түр-Қазмарганец кенішінен 15 км жерге яғни, ұялы байланыс бар аймаққа жетіп хабар бергені септігін тигізді. Қар құрсауында қалған жүргізушілерге құтқарушылар аттанды.

Олар сол орынға 14 қаңтарды таңғы бес кезінде жетті. Қостанайлық құтқарушылар жүк көліктерін қар құрсауынан екі сағат ішінде шығарды. Қардың астында қалған 25 көліктің, тек 10-ы  кері үйлеріне — Қостанай облысына аттанды. Өзге жүргізушілер, эвакуациядан жазбаша бас тартып көмір кенішіне бағыттарын жалғастырды.