Домой Жаңалықтар Қостанайда қар тазарту жұмыстарына 80 техника жұмылдырылды

Қостанайда қар тазарту жұмыстарына 80 техника жұмылдырылды

129
0

Қостанайда қарды шағаратын тағы бір полигон ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл биылғы жауған қалың қарға байланысты. 16 қаңтарда Қостанайды қалың қар жапты. Кешкілік қаланың барлық коммуналдық қызметтері оны тазартуға кірісті. Ең алдымен басты жолдар мен әлеуметтік маңызды нысандарға кіре-беріс тазартылды. Қаланың жолдарында 80-нен астам техника жұмыс істеуде.

Әкімдіктегілер коммуналдық қызметкерлер күні-түні тынбай еңбек етіп жатқандарын алға тартты. Қала әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдиннің сөзінше 16-17 қаңтарда синоптиктердің мәліметінше қалада қардың екі айлық нормасы түсті. Қала аумағында қарды үйетін 4 база бар. Қазіргі таңда қардың көптігіне орай тағы 5-ші базаны ашу мәселесі қаралуда. Бірінші желтоқсанан бүгінгі күнге дейін шамамен 200 мың текше қар шығарылған.