Домой Жаңалықтар Қостанайда бүлдіршінді қауып алған иттің иесі ұсталды

Қостанайда бүлдіршінді қауып алған иттің иесі ұсталды

144
0

Қостанай полициясы бүлдіршінді қауып алған иттің иесі 18 жастағы бойжеткенді ұстады.

«Набережный» полиция пунктінің аға учаскелік қызметкері Батырбек Мұрзабековтың айтуынша, иттің иесін табуға оқиға куәгерлері жәрдемдескен.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Санкция 10 АЕК айыппұлды көздейді.

Шешім шығарғаннан кейін баласы зардап шеккен ана сотқа азаматтық тәртіпте моральдық және материалдық шығынның орнын толтыру бойынша өтінішпен жүгінуіне болады-деп хабарлайды ҚазАқпарат.