Домой Жаңалықтар Қостанайда «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу кезеңі өтуде

Қостанайда «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу кезеңі өтуде

259
0

Қостанайда «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Облысымыздың аудан, қалаларынан келген елуге жуық бала қаладағы «Мирас» мәдениет сарайына жиналды. Таңертеңгі 10.00-ден басталған кастингтің қорытындысы кешке белгілі болады. Жеңімпаз атанған қатысушы байқаудың гранд-финалында Қостанай облысының намысын қорғайды.

«Бала дауысы» I ұлттық балалар ән байқауы биылғы жылдың 14 мамырында бастау алды. Идея авторы және бас продюсері — Әлия Назарбаева. Байқаудың ресми әріптесі — ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.