Домой Жаңалықтар Қостанайда дәрігерлердің айыбынан қаза тапқан баланың анасы 5 миллион теңге өндіріп алды

Қостанайда дәрігерлердің айыбынан қаза тапқан баланың анасы 5 миллион теңге өндіріп алды

94
0

Дәрігерлердің айыбынан қаза тапқан 4 жастағы баланың анасы Зауреш Дюсембина Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облысының туберкулезге қарсы диспансеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық шығын өндіріп алу туралы талап арызбен Қостанай қалалық сотына жүгінді.

2010 жылы, оның  2006 жылы туған баласы алдын ала қаралу  және емделу үшін  Қостанай облысының өкпе бөліміне түседі, балаға сол жерде ем тағайындалды. Емдеу кезінде ауру асқынып, баланың халі нашарлайды және бала қаза табады.

Медицина қызметкерлері тарапынан балаға салғырт қарау орын алған, соның нәтижесі өлімге алып келді.

Дәрігерлердің кінәсі толығымен дәлелденді. Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен дәрігерлер ҚР ҚК 114 бабының 4 бөлігі «емделушінің өліміне алып келген дәрігердің кәсіби міндеттерін дұрыс атқармауы» бойынша айыпты деп танылды және сотталды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.

Қайғыға батқан ананың сөзі бойынша, ол соңғы бес жылдың ішінде әділдікке қол жеткізуге тырысқан, ал дәрігерлердің әрекеті оның ашу ызасын келтіретін. Баласының қазасы оның жалпы психоэмоционалды жағдайына әсер етті.

Азаматша З.Дюсембина  соттан моральдық шығын есебіне жауапкерлерден 10 млн. теңге өндіріп алуды сұрады.

Істі қараудың нәтижесінде сот талапкердің талабын жартылай қанағаттандырды және облыстық туберкулезге қарсы диспансерден моральдық шығын ретінде 5 млн. теңге  және соттағы өкілінің шығындары ретінде 250 мың теңге өндірді-деп хабарлайды облыстық сот.