Домой Жаңалықтар Қостанайда әйел 9-қабаттан құлап кетті

Қостанайда әйел 9-қабаттан құлап кетті

102
0

Оқыс оқиға күні кеше таңғы сағат 7-лер шамасында КСК шағын ауданында болған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайырбеков көшесіндегі үйдің тоғызыншы қабатынан 31 жастағы әйел құлап кетті. ІІД баспасөз қызметінің нақтылауынша, азаматша ауыр психикалық ауытқушылықтан зардап шегіп келген. Оның үстіне алкогольдік ішімдік тұтынғандығы анықталды. Ал көршілері бұл қайғылы оқиға болған пәтерде ерлі-зайыптылар тұрғанын, олардың ұрыс-жанжалы, айқай-шуы ұдайы естіліп жататынын айтып отыр.