Домой Жаңалықтар Қостанайда көп қабатты үйлер жаңа кейіпке енуде

Қостанайда көп қабатты үйлер жаңа кейіпке енуде

150
0

Биыл Қостанай облысында «Көркейе бер Қостанай» акциясы бастау алды. Оның басты мақсаты-ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды әлеуметтік және қоғамдық нысандарды жөндеу, жаңарту, күтімге алу жұмыстарына тарту. Қостанайда 40 көп қабатты үйдің сыртын әктеуге шешім шығарылды.

Қала әкімінің бас инспекторы Самат Жанділдиннің айтуынша әктеу жұмыстарына жеке кәсіпкерлер тартылды. Қандай көп қабаты үйлердің сыртқы беті әктелетіні қала құрылысы кеңесінде бекітілген. Қазір облыс орталығының әкімдігінің мәліметі бойынша 11 үйдің сыртын әктеу толығымен аяқталған. Қалған үйлерді әктеуге 21 келісім-шарт бекітілген. 14 бригада жұмыс істеуде. Тек үйлердің сыртқы жағы ғана әктелмей, ғимараттың шытынаған қабырғалары бітеледі. Терможаңғырту жұмыстары да қамтылады.

Бояуларды да бюджеттік қаражатқа алған жоқ. Акция аясында боуяларды кәсіпкерлер берген. Тұрғындар үйлерінің сыртының жаңарғанына қуанышты.Биыл «Көркейе бер Қостанай» акциясының аясында сырттан тартылған қаражаттар есебінен қаладағы басқа ғимараттар мен көшелерді жөндеу жоспарланып отыр.