Домой Жаңалықтар Қостанайда КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетіп, кейін өзі асылып қалды

Қостанайда КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетіп, кейін өзі асылып қалды

85
0

Қостанай қаласының Дзержинский көшесінде КамАЗ көлігінің жүргізушісі 1937 жылғы егде жастағы әйелді қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған», — деп түсініктеме берді әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенко.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші жылдамдықты асырмаған. Соған қарамастан, тежегішке басып үлгермеген.

Бейресми дереккөздерден бұл оқиғаға кінәлі азамат, үш баланың әкесі болған КамАЗ жүргізушісі асылып өлгені туралы ақпарат келіп түсті. ІІД-нің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп жазады kstnews.kz.-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.