Домой Жаңалықтар Қостанайда кассациялық сот алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қатысты...

Қостанайда кассациялық сот алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

122
0

Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасына қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өмір бойына бас бостандығынанан айрылу жазасына кесілген 1981 жылы туған А.Теньшаков кассациялық шағыммен жүгінді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске салар болсақ, 2013 жылдың 1 желтоқсанында сағат 20.00 шамасында А.Теньшаков  1920 жылы туған зейнеткер кейуананың үйде жалғыз екенін білген сотталушы оны тонау мақсатымен үйіне келеді. Жәбірленуші Теньшаковты өз немересінің досы ретінде білетін, сондықтан пәтеріне кіргізген. Алкогольдік және есірткі затына масаң күйде болған сотталушы босағадан кіре әжейге бірнеше жерден пышақ сұққан. Жарақат салдарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болады. Алайда, Теньшаков пәтерде жасырылған ақшаны таба алмаған.

Арада  бір жылға жуық уақыт өткесін, 2014 жылдың  15 қазанында Теньшаков тағы да алкогольдік және есірткі затына масаң күйінде екі бірдей кісіні аса қатыгездікпен өлтірген. Бір-біріне анасы мен қызы болып келетін екі әйел адамды бірдей пышақтап өлтірген Теньшаков үйден 150 мың теңге еншілейді.

Сонымен қатар, сотталушы жәбірленуші Ж-ге соққыға жығып 113 750 теңгесін ашық түрде ұрлап, оқиға орнынан жасырынған.

Қылмыстық соттың 16 наурыздағы үкімімен  А.Теньшаков ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а», «в», «д», «з», «н»  т. (қарақшылықпен кісі өлтіру); 178 б. 2 б. «а» т. (тонау); 179 б. 2 б. «б», «г», «д» (қарақшылық) қарастырылған қылмыстарды жасауда кінәлі деп танып, оған ерекше тәртіптегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру  және жазасын өтеу орнында психиатрда мәжбүрлі амбулаториялық қаралу және емделу  түріндегі медециналық шаралар қолдану жазасы тағайындалған болатын.