Домой Жаңалықтар Қостанайда нан мен ұн қымбаттайды

Қостанайда нан мен ұн қымбаттайды

199
0

27 қазанда Қостанай облысында әлеуметтік нан мен ұн 5 теңгеге  қымбаттайды.

Мұндай шешім үкімет деңгейінде келісілген. Нан мен 1 сұрыпты ұнға бағаны ұстап тұру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі аситықты жеткізуді қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны іске асыруда. 2015 жылдың қаңтарында әкімдікпен 1 сұрыпты ұннан пісірілген нанға бағаны тұрақтандыру шаралары туралы меморандум бекітілді. Оған өңірдің 200-ден астам наубайханалары қол қойды. Меморандумның мерзімі қаңтардан қыркүйек аралығында. Үкіметпен бірге құжаттың мерзімін ұзартуға шешім қабылданды.

Бірақ бірінші сұрыпты нанның бағасы 46 теңгеден 51 теңгеге дейін көтеріледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Оразғали Нұртазиннің айтуынша наубайханалар 49 теңгеден өткізеді. Ал бөлшек саудада 51 теңгеге сатылады. Көптеген наубайханалар шығынға батып жатқандарын мәлімдеген. Себебі электр қуаты мен газға баға қымбаттады.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жаңа баға 2016 жылдың қаңтарына дейін болатынын мәлімдеді. Яғни меморандумның мерзімі аяқталғанға дейін. Бұдан кейін нан мен ұнға баға өзгеруі мүмкін.