Домой Жаңалықтар Қостанайда қосымша білім беретін 7 мектеп жұмысын бастады

Қостанайда қосымша білім беретін 7 мектеп жұмысын бастады

237
0

Жаңа оқу жылының басында көптеген ата-аналар балаларын сабақтан бос уақытта немен шұғылдандыру туралы бас қатырады.

Бүгінде Қостанайда оқушылардың 62 пайызы түрлі үйірмелерге барады. Қалада  мемлекетік қосымша білім беретін 7 мектеп жұмыс істейді. Олар қалалық балалар шығармашылығы мектебі, техникалық шығармашылық мектебі, шахматтық аула клубы, музыкалық және көркемсурет мектептері, «Карнавал» би ансамблі.

Қосымша білім беретін мектептер түрлі секциялар мен үйірмелерді ұсынады. Олар би, музыкалық және вокалды студиялар, пікірсайыс және шахмат клубтары, көркемсурет, әскери-патриоттық үйірмелер, цирк үйірмелері. Балалар шығармашылығы мектебінде 2015-2016 жылғы оқу жылында 1373 бала тәрбиеленеді. Секциялар саны 25. Олар мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Техникалық шығармашылық мектебіне балалар 7 жастан бастап келеді. Мектепте авиамодельді және ракетамодельді үйірмелер, автотрассалық, бастапқы техникалық реттеу үйірмелері жұмыс істейді. Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу сабақтары 15 қыркүйектен 20 мамыр аралығында жүреді. Қазір топтар жасақталып жатыр. Дегенмен жазда да барлық үйірмелер жұмыс істеді. Бүгінде 412 оқушы бар. Әсіресе оқушылар арасында робот техникасы сұранысқа ие.

Үйірмелер тегін. Баланы ерте жастан үйірмелерге беру өскенде белгілі бір салаға бағытталуына көмектеседі.