Домой Жаңалықтар Қостанайда полиция қызметкеріне қол жұмсаған азаматтың ісі сотта қаралмақ

Қостанайда полиция қызметкеріне қол жұмсаған азаматтың ісі сотта қаралмақ

107
0

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, өзінің лауазымдық мiндеттерiн атқарып жүрген полиция қызметкерінің денсаулығына қауiптi күш қолданды деп айыпталған 1983 жылы туған азамат Ч.-ға қатысты қылмыстық іс Қостанай қалалық №2 сотының қарауына түсті. Ол ҚР ҚК-нің 380 бабы 2 бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Іс материалдары бойынша, Ч. ағымдағы жылдың 23 сәуірінде сағат 06.00 шамасында алкоголдік мас күйінде «Porsche Cayenne Turbo S» маркалы автокөлігін жүрігізіп келе жатып, Гашек көшесінде жол-патрулдік полиция қызметкерлерінің қозғалысты тоқтату туралы талабына назар аудармай, жол ернеуіне соғылады. Мұнысымен қоймай, полиция қызметкерлеріне құжаттарын көрсетуден бас тартқан жүргізуші мәжбүрлі түрде №7 стационарлық бекетке жеткізіледі. Қызметтік көлікке жеке басты анықтау кезінде тәртіп сақшыларынан қашып құтылмақ болған ол полиция қызметкерлеріне күш қолдану қатерін төндіріп қана қоймай, бір полиция қызметкеріне жұдырықпен соққы жасаған.

Бұл іс бойынша басты сот отырысы 5 шілдеде сағат 10.00-де өтеді.