Домой Жаңалықтар Қостанайда республикалық «Денсаулық жолы» акциясы бастау алды

Қостанайда республикалық «Денсаулық жолы» акциясы бастау алды

419
0

Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастру орталығы кең ауқымды «Денсаулық жолы» акцясын Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылынан бастады. Науқанның басты мақсаты-ауылдарда созылмалы жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары, онкология және қант диабеті ауруларының алдын-алу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша инфекциялық емес созылмалы аурулар қоғамға шын мәнінде қауіп төндіруде. Мұны дәрігерлер растап отыр. Үш мың халқы бар Жамбыл ауылдық аймағында жыл сайын қант диабетінің 40 жағдайы тіркеліп, әрбір 4-ші тұрғын артериялық гипертонияға шалдыққан. Аталған мәселенің басты шешімі алдын-алу және халықтың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру.

«Денсаулық жолы» акциясы 31 тамызға дейін жалғасады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары терапевт, кардиолог және онколог дәрігерлермен бірлесіп облыстың барлық аудандарын араламақ.