Домой Жаңалықтар Қостанайда салғырттығы үшін бес дәрігер сотталуда

Қостанайда салғырттығы үшін бес дәрігер сотталуда

196
0

Қостанай қалалық №2 сотында Қостанай қалалық ауруханасының бес дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қарала бастады.

Олар ҚР ҚК 114 бабы 2 бөлімінде қарастырылған қылмыс жасады, яғни кәсіби міндеттерін орындағанда салғырттық танытып, адам денсаулығына ауыр залал келтірген деп айыпталуда. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2012 жылы 18 қаңтарда жол-көлік оқиғасынан кейін 17 жастағы Қостанай тұрғыны Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. Қызға — оң жақтағы қасының жарақаты, бас сүйек-ми зақымы,  ми шайқалуы  диагнозы қойылды. Хирург-дәрігерлер тексергеннен кейін науқас нейрохирургиялық бөлімге көшірілді.

«Екі күндей зардап шегушіге емдеу шаралары тағайындалмады, — делінген хабарламада. — Екі күннен кейін ғана, қыздың жағдайы күрделене түскенде, нейрохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі оған қабылдауы тиіс дәрі-дәрмек жазып берген. Осыған дейінгі күндері хирург дәрігерлер науқасты қарамай, оны уақытында емдемеген».

Баспасөз қызметінде атап өткендей, дәрігерлердің осындай салғырттығы науқастың денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.