Домой Жаңалықтар Қостанайда шеге шығаратын цех ашылды

Қостанайда шеге шығаратын цех ашылды

406
0

Берік Жиенбаев ісін жаңа бастаған кәсіпкер. Бірнеше ай бұрын ол шеге шығаратын цех ашты.

Өз ісін ашуға қаражатты ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан алған. Несиелеу шарттарына сәйкес кәсіпкер жарты жыл өткеннен кейін ғана несиесін төлей бастайды. Бүгінде Берік ресейлік тасымалдаушылар нарығын жаулап алуға тырысуда. Ол құрылыс компанияларын, дүкендерді, құрылыс цехтарын аралауда. Қазір шегені өткізу қиын, себебі негізінде ресейлік шегелер нарықты жаулап алғандығын айтады.

Кәсіпкер «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасынан істі қалай ашуды меңгерген. Жоба «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Биыл облыстың 1000-нан астам тұрғыны оқытылды. Оқу басталмас бұрын кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерден қандай жобаны іске қосуды қалайтынына сауалнама жүргізді.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері Шолпан Маханованың сөзінше аудандарда мал шаруашылығы саласындағы жобалар сұранысқа ие екендігі анықталған. Қалада жүк тасымалы, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда қызметтеріне сұраныс жоғары. Сауаланама нәтижесінде 12 жоба іріктелген. Осылар бойынша кәсіпкерлер оқытылады. Ең алдымен бизнесті жоспарлауға үйретеді.