Домой Жаңалықтар Қостанайда шенді полицей есірткі саудагерлеріне көмектескен

Қостанайда шенді полицей есірткі саудагерлеріне көмектескен

294
0

Қостанай облысының ауданаралық мамандандырылған соты криминалды полиция басқармасының шенді қызметкері Бауыржан Сыздықовқа қатысты үкім шығарды деп жазады Alau.kz.-ке сілтеме жасап baq.kz.

Б.Сыздықов 2010 жылдан бастап Қостанай қалалық ІІБ криминалды полицияда жедел іздестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың героин сатуына еш кедергі келтірмеген және бұл әрекеті үшін қылмыскерлерден сыйақы алып отырған.

2008-2012 жылдар аралығында Сыздықов өз қызметін асыра пайдалана отырып, өңірдегі ұйымдасқан қылмыстық топтың серкелеріне көмегін тигізіп келген. Ол героин саудасына көз жұма қарағаны үшін қылмыстық топтың әрбір мүшесінен 50-100 мың теңге көлемінде сыйақы алып отырған.

2012 жылдың шілдесінде полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кеседі. Алайда, топ жетекшісі Киселев Сыздықовқа өтінішпен шыққаннан кейін, бұл істің беті жабылған. Осынау қызметі үшін Сыздықов кейін 20 мың теңге көлемінде сыйақы алыпты.

Дегенмен, 2014 жылдың қаңтарында құқық қорғаушылар есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтың жолын ақыры кесті. Топтың алты өкілімен бірге түрмеге 10 полицей де жабылған. Олар қылмыскерлерге көмек көрсеткен деп айыпталды.

Ал, Бауыржан Сыздықовқа судья үкімді кешегі апта оқыды. Ол енді алдағы 5 жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді.